19.06.2022
114
Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті...
Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті,
Көктем де келді: даламды қайта түлетті.
Жауды да нөсер күмісін төгіп белеске,
Қырларда гүлдер самалға елтіп дір етті.
Момақан дөңдер түрленіп демде құлпырды,
Бүр жарды ағаш,
Жүрекке соны жыр тұнды.
Қасаң боп қалған көңілім және жайнады,
Әкетті билеп еріксіз менің ырқымды.
Сылдырап ақты бұлақ та кәусар, шаттана,
Жоғалған бүгін кешегі тұрған аққала.
Атамдай менің жылқыдан келген таң ата,
Алатау ғана ұйқыда жатыр баптана.
...Аулада думан, ойнап жүр асық топ бала.