19.06.2022
  123


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жүрегіме мұң енді...

Жүрегіме мұң енді,
Жанарыма сағалаған.
Миығыңнан күл енді,
Сағынышым табалаған.
Қайда лағыл, қайда жыр?
Көн қатқан ба кеудеме шын?
Ішсем бе екен әйда бір,
Жанымды дерт кеулегесін.
Білеуіттер күндемес,
Сәулім ессе шырқымнан бір.
Үйге қайтам күнде кеш,
Базар сенің сыртыңнан құр.
Әй, жалғандық іреген,
Әппақ әлем – сортаң кезең.
«Кеңсай» жаққа тірелем,
Алаяқтар – ортам, ...Безем.





Пікір жазу