17.06.2022
  109


Автор: Алмас Ахметбекұлы

БҰЛ ЖҮРЕК

Əкем көзін жұмғалы
он жыл өтті баяу бір.
Соның жалғыз арманы
түстерімде ояу жүр.
Бізге келер жылы леп
жапырақтай жанынан,
Шешем ғұмыр сүрсін деп,
жаратқанға жалынам.
Аз бақытқа жарымай
өмір кесір əкелсе,
көрісермін, налымай
бір кездегі əкемше.
Пендесінің құлқына
берер тағдыр не сыйын.
Шаужай салып ырқыма
адаспауға бекиін.
Бір дəменің соңында
жалбыраған жаным жүр.
Ожарсынып оны да,
жаңылдырсаң, жаңылдыр!
Қажалайды жастығын
бір көбеңсіп, бір жүдеп,
Абырой мен нəпсінің
арасында бұл жүрек!





Пікір жазу