17.06.2022
169
ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІН ТЫҢДА
Жүрегіңнің үнін тыңда,
Кім деп соғып тұр екен.
Көк тораңғың көңіл-шыңда,
Неге тоңып тұр екен?
Жүрек сөзі өкінтпейді,
Қаламаймын қайғыңды.
Әр пенденің күнәсі бар,
Куә ғып айт Ай, Күнді.
Жүрмейтінін жүрекке әмір,
Мойындаймын, қайтемін…
Жалған сырдан түнек тәуір,
Әділін айт, әйтеуір!…