14.06.2022
  129


Автор: Серікбол Хасан

Иман – сусын, ал жүрек – тостағаның...

Иман – сусын, ал жүрек – тостағаның,
Мөлдір суға мұң-қайғы малынбасын.
Қияметте, бауырым, қос жанарың,
Өзің қылған күнәңмен жабылмасын.
Сан күнәдан аттадың білмей жүріп,
Көз алдыңда қу нәпсі кердеңдеді.
Жарқыраса жүрегің күндей күліп,
Қараңғылық қашады кеудеңдегі.





Пікір жазу