14.06.2022
  102


Автор: Кәкімбек Салықов

Абайла, жүрек, абайла...

Абайла, жүрек, абайла,
Асықсаң қапы қаларсың.
Жоқ болып тірек маңайда,
Өкініп естен танарсың.
Адам аз бүгін сенісер,
Алаңдап қалма сөзіне.
Қулықпен пікір бөлісер,
Дос еткенсіп өзіне.
Дауылпаз көңіл көк дөнен,
Олай да былай шапқылар.
Көк атты келіп көлденең,
Шикілеу досты жат қылар.
Берілмес қызба жеңілге,
Үміт пен үлкен тосты арман.
Ендігі қалған өмірде
Айырма адал достардан.





Пікір жазу