13.06.2022
81
ЖҮРЕК
Казак қызға үздігеді бақшада:
«Қашан мендік боласың сен, Оксана?
Ақ семсердің жүзіменен сен үшін,
Байлық табам,
берсең болды келісім!»
Шашын өріп,
қыз сөйлейді ал кеуде:
«Мен орманда бал ашқызғам балгерге.
Балгер айтқан: болады деп сүйерің
Кім әкелсе анасының жүрегін!
Мен өзіңмен бақытты өмір сүрейін,
Әкел маған кәрі анаңның жүрегін.
Жүректі өртеп,
күлін ішсем ерітіп,
Саған ғашық болар едім елітіп!»
Дел-сал болып казак жүрді қайғырып,
Күндіз күлкі,
түнде ұйқыдан айрылып.
Өз анасын жарды бір күн зорланып,
Жолға шықты қыз қалауын қолға алып.
Жан-жүректі жүндес қолмен жасырып,
Қызға әкеле жатты жігіт асығып.
Тәтті үмітпен жанталаса жүгіріп,
Мұрттай ұшты босағада сүрініп.
Айтты жүрек
жерге түскен дірілдеп:
«Бір жеріңді ауыртарсың ұлым!..» деп...