12.06.2022
135
Бұлт жүрек,жасын жарқырап...
Бұлт жүрек,жасын жарқырап,
Күркіреп келіп жауды жыр.
Сағыныш селі сарқырап,
Барады ағып бал гұмыр...
Қуат беріп бір ғана жылы сөзің,
Шуақ төгіп таратты өлкеме нұр.
Селт еткізіп сендегі ұлы сезім,
Ұйқысынан оянды ерке көңіл.
Шабыт сыйлап жалғыз-ақ жүрек үнің,
Кеудемдегі жайқалтты өлкеме гүл.
Сен бар үшін серпілдім күле бүгін,
Сен бар үшін құлпырды көркем өмір...