12.06.2022
116
ҚОС ЖҮРЕКТІ ӘЙЕЛ
Тағы да қос жүректі əйел көрдім,
Көрдім де сол əйелге сəлем бердім,
Жүрегім кетті елжіреп...
Өйткені мен
Жүрегі елжіреген əлемненмін,
Көрдім де сол əйелге сəлем бердім.
Жүруші ем денсаулығын тілеп күнде,
Қалт тұрдым... жанымменен дір еттім де.
Дəрігер қағаз беріп жатты күліп:
– Соғысы жақсы, – деп, – қос жүректің де!
– Соғысы жақсы, – деді, – қос жүректің!
Білмедім... одан əрі естімеппін.
Сол əйел емханадан шықты күліп:
Шынымен бізге бақыт көшті, – деппін.
О, дара жүректілер, дос тілекті,
Келеді, жол беріңдер, қос жүректі!
Əр үйде көрмегің де қос жүректі,
Фəниде сенгенің де қос жүректі,
Келеді, жол беріңдер, қос жүректі!
Əйелге қос жүректі қарама құр,
Сүйеу бол қолдан келсе,
Аяла, біл!
Өйткені біздің елдің болашағын
Көтерген...
Ол əйелдің аяғы ауыр!