12.06.2022
142
Дақ түсiрiп алдым-ау жүрегiме
Дақ түсiрiп алдым-ау жүрегiме
Жүргенде жолаушылап жыр елiне.
Бiр құлап, бiр бұралған тағдырыма
Мына жұрт үстiрт қарап күледi ме?
Шiркiн-ай, жарық дүние жарық неткен,
Күндер-ай, бақ күндерден талып жеткен.
Кiрпiк қақпай отымды күзетiп ем,
Босағама қандай ит сарып кеткен?!