09.06.2022
  112


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ұлтымда еді үмітім...

Тағдырға болмас таңырқап,
Қазақ қайда біз қайда?
Әкеге тартқан бар ұрпақ,
Ұлтына тартар ұл қайда?
Отынан шыққан дозақтың,
Ұлдарың басқа, ұлт басқа
Қазақтың рухы қазақтың,
Қанында ойнап тұрмаспа?!
Білетін мүжіп,кертуін,
Кұрт түседі екен тасқа асыл.
Бабалар тіккен ел туын,
Сандыққа тықтыққос ғасыр,
Кеудеде сөніп кек деген,
Құрсанбай кіреуке - көк темір,
Торына қаба ерттеген,
Тақымын тимей өтті өмір,
«Батырдың ұрпағы» деуші еді,
Батагөй шалдар дем беріп,
Замана езді еңсемді,
Құлымен мені теңгеріп,
Не істерімді де білмедім,
Олақтау ойлап,орамсыз,
Қамалға шауып кірмедім,
Қамалдым үйге амалсыз.
Құлдыққа тағы көне бер,
Құдай да құлақ аспады.
Елімді сатқан төрелер.
Жерімді сата бастады.
Домбыра үнін ескек қып,
Сыпырып белден кездікті,
Мойынға тақты кескек қып,
Елдікті емес,ездікті.
Жылдарым өтті жас, кайсар,
Ілінген ерте құрыққа.
Қоқысқа енді тастай сал,
Шіріген мен де жұмыртқа...





Пікір жазу