07.06.2022
  131


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ЖЕТЕЛЕР АЛҒА ҮМІТ ТЕ

ЖЕТЕЛЕР АЛҒА ҮМІТ ТЕ
Жетелер алға үміт те,
Жүрсің бе әлі жайраңдап.
Талғамың қандай жігітте,
Күтесің алдан қандай бақ?
Жастық шақ үміт сайтандай,
Өткені қалар байқалмай.
Расын айтсам бос жүрме,
Ретін тапсай ой, Аллай!
Көңілсіз әлде кезің бе,
Келесің кейде өктемдей.
Түсінбей жүрмін өзіңе,
Мінезің кейде көктемдей.
Сыр ашсам жәймен жүрекпен,
Ерсі де көрер ме екенсің.
Сезімді өзің түлеткен,
Алаулы арман етем шын.
Ынтыққан көңіл ауанын,
Жүрегім қалай көтерсін?
Өзіңе айтам бұл сырды,
Парызым айтар өтелсін!





Пікір жазу