06.06.2022
  95


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Миымдағы қиялымның қолымен...

Миымдағы қиялымның қолымен,
Санам кәзір шерте алады күй түрлі.
Кеше ғана дөрекі едім, содыр ем,
Ғашық болдым – адам болдым сүйкімді.
Көңіліңнің ауанымен жөнедім,
Секілденіп желге басын иген шөп.
Кеше ғана асқақ едім, өр едім,
Ғашық болдым – адам болдым именшек.





Пікір жазу