06.06.2022
166
ЫНТЫЗАР ЖҮРЕК
Ынтызар жүрек бәріне,
Табиғат көркіне, сәніне.
Құшам да таң нұры шапағын,
Елтимін бозторғай әніне.
Ынтызар жүрегім бәріне,
Ұшсам деп ғарыштан әріге.
Сүймекпін арлыны, адалды,
Алдамшы өмірдің сәні не?!
Ынтызар жүрегім бәріне,
Сәбиге, жасқа да, кәріге.
Үзілмес өмірдің арқауы,
Сендерсің мәңгіден-мәңгіге.
Ынтызар жүрегім бәріне,
Бәріне бал шырын нәріне.
Сүюден жерісем өмірді,
Өмірдің мен үшін мәні не.