05.06.2022
191
ТҮН. ҮМІТ.
Қарағайлар көңілсіз қоңыр əнін ыңылдап,
Ырғалады нəзіктік Жел күрсініп ымында ақ.
Бүгін орман əуені − мендік үнмен тым үндес,
Адыр – үнсіз, шөп – мылқау, түнерулі
«қыңыр» кеш…
Күнбатыстың жалқыны жанарыма құйылып,
Анау тұрған қайыңдай қалдым несін бұйығып?!
Тыныштықтың демімен күрең Өмір тыныстап,
Бір күнді ертіп барады арада Іңір жылыстап.
Мына жатқан қорымдай көңіл бейбақ аңырап,
Саусағымен самалдың таранды шаш қобырап.
…Тағат қалмай бойымда Хан көліндей сарқылып,
Үміт пенен Күдікке көкпар-сезім тартылып…
……………………………………………………
«Сен келер!» деп, бұл маңға міне, тағы келіп ем,
Əй, мен де бір пақырмын, қыз жайында не білем?!