03.06.2022
  119


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЖҮРЕККЕ ƏЖІМ ТҮСПЕЙДІ

Есімде əлі жасыл бақ,
Бұлақтың өрім жағасы.
Екеумізді қасына ап,
Еңкейген өрік ағашы.
Қайырмасы:
Сондағы сұлу сүт бейнең,
Басқа бір жанға бітпейді.
Жүзіңе əжім түскенмен,
Жүрекке əжім түспейді.
Жүрсің бе есен, жан құрбым,
Қалада мынау қайнаған.
Ақ бөрте қыз ең тал бұрым,
Сол бейнең қайда жайнаған.
Қайырмасы:
Күндерден қалқам түңілме,
Болмапты əлі той тарап.
Біз айтқан əнді бүгін де,
Жатқандай өмір қайталап.
Қайырмасы.





Пікір жазу