01.06.2022
113
Жүрегiмнiң жылуын...
Жүрегiмнiң жылуын,
Сезiмiмнiң сұлуын;
Жанымдағы шуақты,
Бойымдағы қуатты –
Жақұт-жыр ғып самғаттым.
Жүректерге жетсiн деп,
Көңiлге гүл ексiн деп;
Арман болып ұшсын деп,
Үмiт болып құшсын деп –
Түндi түрiп,
Таң қаттым.
Қиялыммен қауыштым,
Жүйкемдi де тауыстым;
Ми қыртысы тартылды,
Көздiң майы сарқылды –
Ұғынықты етсем деп.
Санам байыз таппады,
Арымды бек сатпадым;
Аянып та қалмадым,
Ай-жұлдызды жалғадым –
Бəрiн айтып кетсем деп…