01.06.2022
  93


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Жүрегіне ақынның...

Жүрегіне ақынның,
Жүрміз кілең обал қып:
Жеңісіне жақынның,
Қуанбайтын боп алдық.
Жүрегіне ақынның
Жүрміз кілең обал қып:
Кемісіне жақынның,
Қайғырмайтын боп алдық.
Жүрегіне ақынның,
Жүрміз кілең обал қып:
Қуанбаймыз,
Қайғырып,
Өзіміз де жоғалдық!..





Пікір жазу