30.05.2022
138

Қиял-құс, қалма самғамай...
Қиял-құс,
қалма самғамай,
Қанатың
сенің талмағай.
Жетеле мені қияға,
Дариға, дүние,
арман-ай!
Әр күнге
бір ән арнамай,
Сарқылып,
шабыт, қалмағай.
Жыр құсым,
тербе жүректі,
Әридай, жалған,
арман-ай!