30.05.2022
  129


Автор: Сүйеніш Мешітбайұлы

Ана тілім

Мен қазақпын жері бар, дара тұғыр,
Арым, жаным жүйелі Ана тілім.
Менің тілім саналы салауатты
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Тапқырлықты тəнтті еткен табиғаттан
Пəктілікті шарт еткен шариғаттан.
Құндылығы Анамның ақ сүтіндей
Ана тілім жаралған ар ұяттан.
Батырларды тербеткен бесігінде
Ақындарды сөйлеткен ес елінде.
Жетім жесір жер дауы ер құнында
Кесірлерді келтірген кешірімге.
Мұқағали ақынның егізі боп,
Өлең болған қағазда маңызы көп.
Қарап тұрып айтатын қара өлеңді,
Поэзия қазақта қарызың жоқ.
Мұңсыз қарным тойса да ертеңім де,
Ана тілім өзіңсіз өркенім не?
Билік бермей əлі жүр бөгде біреу,
Өзің қожа болсаңшы өз төріңде.
Ана тілім ұмытшы баяғыңды
Көп күтіп ең жаныңа сая күнді.
Өзің ғана көсілер кең орында
Отырған кім жүгінтіп аяғыңды.
Жансыз жарты денеңе қан тарасын
Сонда хандық сарайда əн саласың.
Жазылатын жараңды жаза алмаса
Алты алашым азабын арқаласын.
Ана тілім ақ арым, иман сырым,
Жамылмадың шопанды нұрдан бүгін.
Сиқыр ала тоныңды сен де тастап,
Өз жұртыңның жібегін жылдам киін.
Шет тілімен шен жинап абыройдан,
Өз тілімнің өгейсіп нəрі бойдан.
Шұбар тілмен шолжаңдап ақыл айтсам,
Келер ұрпақ кешеді мені қайдан?
Ана тілім ақ батам “Аумин”- деген
Ана тілмен ақ мамам əлдилеген
Ана тілсіз төзбеймін сал күйге мен
Асқар таңым ата бер əн-күйменен!





Пікір жазу