Тоқта жүрек, сабыр ет
Бір қайғыдан арыла алмай жүргенде,
Сені көрдім, тағы қайғы қаптады.
Сен еріксіз жымиысып күлгенде,
Көтерілді іште сезім жатпады.
Отырсың сен күліп кейде муңданып,
Хор қызындай адам болып көрінген.
Жүрсем егер мен алдыңа мың барып,
Маған орын берер ме едің төріңнен.
Тоқта жүрек,
Сабыр ет, сен де маған армансың,
Өзіңді ұғар іздесейші теңіңді.
Сен өткенді ойлап жылап қалғансың,
Қасіреттен сезім шіркін жеңілді.
Тоқта жүрек сабыр ет,
Қол жетпеске жүгірме,
Кезінде біз талай қызға жағып ек.
Сайран салып жүрген шақта іңірде,
Жақсы көрсең сен өзгені іштен тын,
Жүрегім-ау, сезіміңді сіңір де.
О, махаббат өзгерттің сен жолымды,
Мен сағындым алабұртқан кезімді.
Сен де маған ұсынбайсың қолыңды,
Білмейсің-ау сені ұнатқан сезімді.
Жүрек шіркін сен тыныштық таппадың,
Сырласып көр, мүмкін үміт жағылар.
Көрсең егер арайлы таң атқанын,
Сені жүрек сол сәттерде сағынар.