30.05.2022
  178


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ғашық жүрек

Сені көрсем қалыптан жаңылам,
Мен емеспе ем іздеген саңылағың.
Сол кездерді сағына, армандаймын
Құралса екен өзіңмен шаңырағым.
Қайырмасы
Ақпейіл сенің жүрегің,
Мен болсам деймін тірегің.
Сөзіме илан жан саулем,
Сен үшін өмір сүремін.
Қыздың жолы жіңішке маған аян,
Мен өзіңсіз қалайша қанат жаям.
Екеумізді қорғасын кешегі өткен,
Махаббаттың құрбаны Қозы-Баян.
Қайырмасы
Ақ пейіл сенің көңілің,
Бақытты болсын өмірің.
Не дерсің жаным жүрекке,
Қалады сені кеңілім.
Қиын екен о тоба сезім деген,
Сезінуден қай жүрек езілмеген.
Сол сезімнің қолында тұтқын болып,
Талай-талай таң да атты кез ілмеген.
Қайырмасы
Ақпейіл сенің жүрегің,
Мен болсам деймін тірегің.
Сезіме илан жан сәулем,
Сен үшін өмір сүремін.
Өмір өтіп барады асығайық,
Болмашыға өкпе артып жасымайық.
Тұрлауы жоқ өмірге бір келесің,
Келші сәулем екеуміз қосылайық.
Қайырмасы
Ақ пейіл сенің көңілің,
Бақытты болсын өмірің.
Не дерсің жаным жүрекке,
Қалады сені көңілім.





Пікір жазу