30.05.2022
134
Ана тілім - арым
Айналайын ана тілім асыл ғой,
Сен арқылы түйіндеймін жасынды ой.
Сол асылды қоламтаға көмдіріп,
Кей біреулер самарқау боп жатыр ғой.
Қазақ болсақ ана тілін қорғаған,
Мәңгүрттікті қойсақ енді сорлаған.
Тілім үшін, салтым үшін күресіп,
Надандықтың бұлтын тілсек торлаған.
Ұрпақтары қазағымның қандайсың,
Жасы үлкенді сыйлаймын деп алдайсың.
Қажай берсең, көтермесең біріңді,
Бұл өмірде қазақ болып қалмайсың.
Талай қорлық, сұмдық көрдің, қазағым,
Сол сұмдықтың тартың талай азабын.
Бейбітшілік, егмендік болсын деп,
Жаным ашып, осы өлеңді жазамын.