Ана жүрегі
Бірде ауылға барғанда,
Құшақтады анашым.
Қанат жайған арманға,
Сағынған-ау баласын.
Отырған соң жайланып,
Әңгімесін қозғады.
Бәрін айтып, ойланып,
Бірақ кеп қып созбады.
Балам деді, түс көрдім,
Жүзің сынық, көңілің пәс.
Қате кетпес түстерім,
Ағып түсті көзден жас.
Айтшы маған, жабығып,
Қайғырдың ба, егіліп.
Жүрсің бе әлде сағынып,
Қасіреттен жеңіліп.
Таптады ма жаныңды,
Ренжітіп езіңді.
Сағындым ғой әніңді,
Ұл едің ғой төзімді.
– «Ештеңе де болған жоқ,
Бәрі жақсы дедім мен.
Жанарға жас толған жоқ,
Қасіреттен жеңілмен.
Ана жүрек сенбеді,
Жалған айттым мен неге.
Ана кеңіл кең бе еді,
Жетерліктей пендеге.
Кешір ана алдадым,
Жанымды жеп қайғы мұң.
Қасіретте қалғаным,
Кесірі ғой қайғының.
Әр нәрседен морылып,
Қайғы тарттым, жасырман.
Көкейімде сол үміт,
Тек өзіңе бас ұрған.
Сезетін бар нәрсені,
Алтын ана жүрегі.
Қастерлеймін бір сені,
Өмірімнің тірегі.