Ыстық жүректі қазақ
Бұ жігіт шын ұрпағы Алпамыстың
Сонан да пендесі емес жалған істің.
Күн-түні көз ілмейді Қалқаманда,
Қамыға қамын ойлап алты арыстың.
Кешегі майдангерлер пір тұтады,
Өзі де сондай жанның бір бұтағы.
Нар тұлға, текті ойлы нағыз қазақ
Көз тойып, көңіл толып тұрды тағы.
Перзенті болғаннан соң көргенді елдің,
Шығады сағы сынбай келгендердің.
Қиялы да қоламтадай ұшқындайды,
Шырағы қайта оралып сөнгендердің.
Бұ жайдың куәсымын көптен бері,
Мен мұнда, алуан дерттің өткелдерін
Өткіздім қалт-құлт басып аяғымды,
Болар деп ең соңғы бір жеткен жерім.
Қара көз, қарлығаш қас қарындастар,
Ибалы, инабаттан жаңылмастан,
Шипаны сездіреді жүрегіңе,
Періште дерсің мұны жанынды ашқан.
Әуелі Алла десек, күпір болмай,
Әйтсе де адам көңілі бүтін болмай,
Жақсылық жер үстінде өмір сүрмес,
Ыстық жүрек қазақсыз, күтім болмай.
Мен жатырмын ауырып Қалқаманда,
Баршаға мейірімі мол сен аманда.
Жүреді жүрегі ыстық нар жігіттер
Бақытты ғұмыр тілеп жалпы адамға!