29.05.2022
  108


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жүрегімді ыстап қара күйікпен...

Жүрегімді ыстап қара күйікпен,
Өкініштің өртіменен үйіткен
Әзірейлім болармысың сен бүгін,
Табалаған тауға шығып биіктен!
Білем, білем, ызаң бар ғой ызғарлы,
Буыныңды буындырған мұз қалды.
Сол құрсауды жібітпексің мені өртеп,
Ұнатасың содан кекпен қызғанды.
Күл болармын, жай тапса егер қу жаның,
Тау басында толқындаса туларың.
Тіршіліктің құны маған көк тиын,
Қимайтындай жоқ өмірде туғаным...





Пікір жазу