29.05.2022
  116


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жүрегің ше?

Жүрегің ше?
Жүрек те жаңылады,
Жаңылғасын, көз жұмбай, таң ұрады.
Таң ұрғасын, талықсып тұла бойы,
Қайғы қамап, қарасын жамылады.
Қарадай-ақ тозады, торығады,
Әлін білмей, әлекпен зорығады.
Демі бітер алдында бір ышқынып,
Зар арманы жарқ етіп жолығады.
Бәрі де кеш, қайтесің, кеш бәрі де,
Махаббаттың таң нұры, кешкі әні де.
Сен өлгесін шырылдап бір Мәжнүн,
Адамдардың басады ескі әніне...





Пікір жазу