27.05.2022
  134


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Үміт үзбей жүрейік

Сағынышты
мәңгілік мұра сана,
Біресе жыр тартады, –
біресе Ана.
Жырым жетсін сазымен
ән боп елге,
Мен де барып қалармын
іле-шала.
Қарасам да қай жаққа
мұнар-сағым,
Қалмауыңды елес боп
кіл аңсадым.
Тәңір соны қолдайды –
деп сенемін –
Берген серттен тайқымай
тұра алса кім.
Нұрын төгіп алтын күн
Сіз бен бізге,
Ілігейік есен-сау
күзден күзге.
Жоғалтармыз өмірде
бір жақсыны,
Бір жақсыны табармыз,
іздерміз де.
Деп ойлайық:
өмірде адал басым,
Көре алмаса адалды –
жанарға сын.
Жақсылықтан жүрейік
үміт үзбей,
Сеніміміз жақсыға
жоғалмасын!





Пікір жазу