25.05.2022
151
Ғашық жүрек
Менің арайлы, сенімен күнім,
Қайда жүрдің көрінбей.
Енді таныдым, өшпейтін жарығым,
Бақыт құсым екенсің,
Көңілім алаң, тыншу таппайды,
Мүмкін сезбей кетерсің,
Сүйген жүрекке,
Ешқандай жоқ өкпе,
Сен мен үшін шекерсің.
Қайырмасы:
Сен аяулымсың,
Өмір де өзіңменен арайлы.
Сен қалай жүрсің,
Сенің күлкің шуақ боп тарайды.
Сағынған кезде,
Бір сенен өзге
Ешкімді ойламадым.
Өмірдің бағы,
Өзіңсің еркем,
Ойлап тұрмын тағы.
Көркемдеп сені,
Еркем деп сені,
Отырам сезім билеп,
Ашпаған бұрын,
Жүректің сырын,
Жүрмін әзір өзің біл деп.