25.05.2022
  138


Автор: Ибрагим Иса

Жүрегіме ырзамын

Көп нәрсені түсінемін, білемін,
Білгеннен соң алаңдаумен, жүремін.
Жиі-жиі көрінбейді әйтеуір,
Қуаныштан дүрсілдейді жүрегім.
Жаны таза сыйласатын жандардың,
Мен де таза жүректерге таң қалдым.
Бұрылысы, қиылысы жадында,
Өзім жүріп өткен талай жолдардың.
Қайырмасы:
Жүрегімде өшпейтін бір жүр жалын,
Сол жалынмен жылынады жан-жағым..
Бақытыма қорған болған қашанда,
Бүлкілдеген жүрегіме ырзамын.
Есім кіріп, есейген сол кезімнен,
Сағынуды, сүюді де сезінгем.
Жүрегім ғой күзететін ұйқымды,
Кездерінде шаршап келіп көз ілген.
Бұл өмірде қалсам кейде мен жүдеп,
Әндетеді қуанышың келді деп.
Әрқашан да жүрегіме ырзамын,
Тұратұғын ағайынға елжіреп.
Қайырмасы:





Пікір жазу