25.05.2022
130
Қыз жүрегі
Аялаған сезіміңді шайқап-ай,
Айыптама, өте шықсам байқамай.
Іздегенің әлі-ақ шығар алдыңнан,
Қыз жүрегі біле-білсең әрқалай.
Қозғалмайтын жұлдыздай боп көктегі,
Неге тосып тұрасың сен тек мені.
Қол созғандар жеткізбейтін арманға,
Болады әркез махаббатқа өкпелі.
Қайырмасы:
Махабаттың дәмі –
Сағыныштың сәні.
Сұлу болса болды,
Сүйгеніңнің жаны.
Ғашықтардың әні –
Махаббатың сәні.
Таза болса болды,
Сүйгеніңнің жаны.
Алып-ұшқан көңілімде басқа ән бар,
Махаббаттың құлпын зорлап ашпаңдар.
Әуре болып, әй жігіттер, таспаңдар,
Жүрегіңнен мені алып тастаңдар.
Бар менің де қиялымда қалауым,
Сол ғой менің асқақтатар жалауым.
Аңсап жүрген сол бір жанды табамын,
Соған ғана арналады бар әнім.
Қайырмасы: