24.05.2022
625
Қиялдағы қалқа
Есімде бәрі,
Бәрі де, бәрі есімде,
Қуаныш болып сағыныш себелесін де.
Сұрасаң, айым,
Тұрасың дәйім, шық болып,
Мендегі мөлдір жүректің терезесінде.
Қайырмасы:
Өзімнен өзім өте алмай жүрген өткелмін,
Өңімнен гөрі түсімде сені көп көрдім.
Қиялымменен шығарып салып отырам,
Саулығын тілеп сен ұшқан самолеттердің.
Кеудеме менің шуағын қанша құйды арман,
Кездерім қанша аңсаумен шаршап, қиналған.
Көріне ме деп салтанаттарда, кештерде,
Іздеймін сені көз алмай теледидардан.
Қайырмасы: