24.05.2022
  202


Автор: Ибрагим Иса

Қияли қыз

Сен өзің түрлі, түрлі, түрлі екенсің,
Мінезің түрлі, түрлі кім көтерсін.
Адамды ақылынан адастырып
Бір күні бұл күніңмен жынды
Етерсің
Қайырмасы:
Сен өзі түрлі, түрлі,
түрлі, түрлі екенсің!
Мен сені іздеймін ғой келмесең де,
Мен саған сенемін ғой сенбесең де.
Өзіңді жүрегіммен көріп тұрам,
Сен мені жанарыңмен көрмесең де.
Қайырмасы:
Сен өзі түрлі, түрлі, түрлі,
Түрлі екенсің!
Мен сені сүйкімді қыз еркем деп ем,
Жүрек жоқ сені көріп өртенбеген.
Келемін үмітімді үзбей әлі,
Сөзіңнен ертең, ертең,
ертең деген.
Сен өзі түрлі, түрлі, түрлі, түрлі,
түрлі екенсің!
Қайырмасы:





Пікір жазу