24.05.2022
  127


Автор: Ибрагим Иса

Жүрек сыры

Жапырақтар күзгі бақта,
Сарғаяды, мұңайып.
Өшіп қалмай біз бірақ та,
Жүректерде тұрайық.
Көңіліңде ән жүреді,
Қуанғанда, күлгенде.
Жақсы шығар, кім біледі,
Жүректерде жүрген де.
Сол бір күзгі сәнді бақта,
Қалды қанша қимас күн.
Ешбір жанды мен бірақ та,
Оған теңей алмаспын.
Атар таңнан тіледім мен,
Өшпесін деп сол шуақ.
Жүреді ылғи жүрегімнен
Бір сағыныш тамшылап.
Көкіректе құлыптаған,
Құпияңды ашарда,
Жүректегі сүйікті адам,
Биік тұрар қашанда.





Пікір жазу