24.05.2022
125
Жүрек
Көңіліңді, жүрегіңді қозғаған,
Жырларым бар, сырларым бар жазбаған.
Бір мұң мені ұйықтатпады түнімен,
Жүрегімде ботадай боп боздаған.
Сол мұң менің жүрегімді басып ап,
Ұйқым кетті жұлдыздай боп шашырап,
Бір үмітім кетті менен алыстап,
Өмір бақи жүретұғын асырап.
Бас айналып, қан қысымым қысқанда,
Таба болмай өлсем деуші ем дұшпанға.
Бір жүрегім жолбарыспен жолдас боп,
Бір жүрегім кетер еріп құстарға.
Сондықтан да екі жүрек бар менде,
Бірі шаттық, ал біреуі шерменде...
Екі жағын қараңыздар ағайын,
Менің құйттай жүрегімді көргенде.