24.05.2022
162
Ақ жүрегіммен ар сүйдім
Көктегі жердің көлеңкесінің,
Жатқанда төсі жайылып.
Ақ сүтін түнде емем төсінің,
Төгеді нұрын Ай иіп.
Санамды жұтқан қараңғылықтан,
Ақтықты солай аршимын.
Тербетсінші деп даламды мықты əн,
Ақ жүрегіммен ар сүйдім.
Періште-жырға сырымды ұқтырып,
Жүректің сөзін сөйлеттім.
Шынымды айттым да
мұңымды ұқтырып,
Шыншыл бол, қалқам, дей кеттім.
Періштемін деп айталман бірақ,
Пенделік қалсын төменде.
Өліп кетсінші сайтандар жылап,
Өресі жетпей өлеңге...