meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  198


Автор: Бақыт Беделханұлы

Бағынбайды деп ешқашан ақылға жүрек...

Бағынбайды деп ешқашан ақылға жүрек,
Ақындар от боп жанады лапылдап, үдеп.
Аспандап кетіп, содан соң, адамзат жайлы
Ойлар айтады, бəрібір ақылдары көп...
Ай, жұлдыз, күні аспанға жарасқанымен,
Тағдырлы күні жердегі таласта кілең.
Таласып жүріп бір уақыт жылап алады,
Астасып кеткісі келіп ақ аспанымен.
Аспан мен жердің арасы ақылға мысал,
Жұлдыздар төмен, ой көкке
л апылдап ұшар.
Жарықтай жылдам уақытпен
атың жарысар.
Аламандатып жүргенде аңқаңыз кеуіп,
Ақиқат та өтіп кетеді-ау ақын қауышар.
...Иманың гүлдеп, жинап ап бар қуатыңды,
Тəрк етіп тастап, сандырақ
сан мың ақылды.
Жаныңның емес, жазмыштың жырын
оқып көр.
Аяп кетесің барлық ақынды,
Неменеге өлең жазып жүр? – деп...





Пікір жазу