23.05.2022
161
Әй, жүрегім – аңғалым....
Әй, жүрегім – аңғалым,
Тағы, міне, алдандың.
Несіне оның арбалдың?
Несіне оның таңғалдың?
Алмадайын үзілсе,
Амалың не Ләйла ару...
Перде астынан сүзілсе,
Өн бойыңды жайлар у,
Әй, жүрегім – аңғалым.
Сүйген жанға сенгенің –
Сезімнің ең асылы.
Жылау, күлу – пенденің
Үйреншікті машығы.
Әй, жүрегім – асылым.
Бақыт, байлық дегенді
Ұлы жолда ұғар кім?
Сол құрғырды мен енді
Іздемейтін шығармын,
Бақыт, байлық дегенді.
Тірілердің тілегін
Айтып өтер біздің ән.
Жүрегім-ай, жүрегім,
Сен де бір сәт мызғып ал.,
Жүрегім-ай, жүрегім.
Бізді де өмір ескерер,
Ұмыт болар құса, мұң.
Ерте келер, кеш келер..,
Есітерміз құс әнін,
Әй, жүрегім – аңғалым.