23.05.2022
  145


Автор: Ерлан Рымбек

Сүйем деген хаттарың жүрегімнің түбінде...

Сүйем деген хаттарың жүрегімнің түбінде,
Естелік боп суреттерің сақтаулы тұр бүгінде.
Өткен күннің айнасы жерге түскен шыныдай
Шағылды ғой, сен басқамен кетті деген күнімде.
Сығырайған шам сәулесін жамылып
Жатырмын ғой махаббатқа бөленіп,
Мәңгі сүйер ақ сәулемді сағынып
Жатырмын ғой тәтті күйге тербеліп.
Жүректегі алауланған махаббатты
Қалай ғана өшіремін, жан жарым?
Бір өзіңмен қимай өткен бала-бақты
Қалай ғана қиып өтем, арманым?!.





Пікір жазу