23.05.2022
165
Жүйрік қиял
Жүйрік қиял жеткізбейді
Темір сұңқар ұшаққа да,
Көлемі оның шексіз дейді
Сыймайтұғын құшаққа да.
Өлең туса қиялдан,
Теріп оны жия алман.
Жазу керек ол үшін
Қуат берсе бір Аллам.
Төгем ойдың тұнығын,
Жамап сөзбен жырығын.
Дүние шеңбер айнасы
Көрсетпесін сынығын.
Өмір мені үйретті,
Өлең етіп күйлепті.
Арманның ақ қанатында
Жас сезімді билетті.