23.05.2022
  99


Автор: Мұрат Шаймаран

Жас жүрек

Махаббатшыл жас жүрек,
Секемі көп əр неден.
Шемен ойға бас тіреп,
Тазармайды əуреден.
Нені іздейді ол тегі,
Еркіне қой, жекірме!
Жұбаныш па ертеңі,
Қуаныш па көпірме?!
Жыртқыш аңдай ол да аса,
Аласұрар тынымсыз.
Өз дегені болмаса,
Қалғаның жөн тек үнсіз.
Жансын, күйсін, мұрсат бер,
Бетін қақпа, жасқама.
Қыз ернінен бір сəтке,
Дамыл тапсын, масқара!
Тұрлауы жоқ біл енді,
Шамшыл оның мінезі.
Мынау байтақ дүниені,
Құшақтардай бір өзі...





Пікір жазу