21.05.2022
160
Жүрегім-ау, жүрегім...
Жүрегім-ау, жүрегім,
Бақытты боп жүр едім.
Күзге келіп сыр айтып,
Сізге келіп түнедім.
Тіршілігім, тынысым,
Жүрмін осы кім үшін?
Бір адамға жар болдың,
бір әйелдің мұңысың.
Сырбазым-ау, сымбаттым,
Өлең болып үн каттың.
Жел боп келіп аймалап,
Ерінімді кұрғаттың.
Жалғыз жанға жуық-мұң,
Түнмен келіп жылыттың.
Бақытым боп алдап ап,
Уақыт болып ұмыттың.
Өзгелерден ерексің,
Есімді алды-ау елес-күн!
Маған ғана жетпейсің,
Барлығына керексің.
Кездестірмей келте-күн,
сағынышпен өртедің.
Қиялыма қонып кет,
Қайда жүрсің ертегім?