19.05.2022
186
СЫР
Көлдің жайы бір басқа,
Шөлдің жайы бір басқа.
Сырымды айтсам сырласқа,
Жүректегі жыр басқа.
Теңіз деген теңіз ғой,
Арман мен ой егіз ғой.
Өзен жайлы өзектен,
Өріледі негізгі ой.
Дейді досым сыр ақтар,
Өмірде сан сұрақ бар,
Өзен көлге құйғанда,
Ұмытылар бұлақтар.
Түс артынан кеш келер,
Тарихым бар дес берер.
Қар мен жаңбыр тағы бар,
Бұлақтарды ескер ел.