19.05.2022
  120


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жүрегiмдi қысқан əлдене...

Жүрегiмдi қысқан əлдене,
Жақылық жаса пендеңе.
«Күнiңнен бұрын өл» деме,
Сiлем де қатты сенделе.
Жүрегiмдi қысқан əлдене,
Қасық қаныма шөлдеме.
Көзiмде тұнды көл неге?-
«Көлiңдi көсiп бер» деме.
Жүрегiмдi қысқан, əлдене,
Нашарлап кеттi хал неге?
Белдесiп көрсем бой бермес
Бiлекте күшi бар неме…
Жүрегiмдi қысқан əлдене,
Жарық дүнием тар неге?
Омырылып түсер ме екенмiн
Ойымды бөлiп əрнеге…
Жүрегiмдi қысқан əлдене,
Ертерек келдiң сəл неге?
Салауат айтып шығайын,
Сабырың сақта əлде де…





Пікір жазу