19.05.2022
  129


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қанағат ет, көңiл...

Қанағат ет, көңiл –
Қайырымды өмiр.
Қасаласып көрдiң,
Қиындықпен небiр…
Құлазыдың – қалдың,
Ашылмады алдың.
Басылмады көрiгiң,
Қожға көсеу салдың…
Қожағайды ұрдың,
Қомсынып та тұрдың.
Қолың – мүйiз, ой – мейiз,
Қайда бетiң бұрдың?..
Бой-бой болып терлеп,
Еткенiң бе ермек? –
Сүйiнгендер сыртыңнан,
Қайтар бiр күн жерлеп…
Қанағат ет, қанағат,
Қайырылшы жамағат.
Қара орманым – өзiңсiң,
Қауырсағың паналат…





Пікір жазу