15.05.2022
  172


Автор: Аманхан Əлімұлы

Үміт оты жанбайды байқаса алдан...

Үміт оты жанбайды байқаса алдан,
Кім бар дейсің жоқтықпен шайқаса алған.
Азып-тозған ауылдар жатыр қирап,
Көрінісіндей соғыстың қайта шалған.
Уақыттың шарпыған азапты өрті,
Кеткен маған сияқты мазақта еркі.
Жасыл бақтай мезгілсіз суық шалған,
Ауыртады жанымды қазақ дерті.
Дария да тасымай баяғыдай,
Су қанатын сусыма жаяды жəй.
Жылдағыдан ел іші жадау-жүдеу,
Қойшы Елбасын, сен оны ая, Құдай.





Пікір жазу