14.05.2022
128
Жүдедім... Сағыныш әнін сап жүрегім.
Жүдедім...
Сағыныш әнін сап жүрегім.
Жаныңа жете алмай, таң алды
Түсімде жолығып жүремін
Үнемі.
Білемін,
Сенде де осы күй, жарығым,
Хаттарың... сезімің мөлдіреп,
Телефон пернесін сүюмен саусағың
Тересің әрібін.
Жаныңның жұпары әр сөзден сезіліп,
Жылынам...
Қиялда кезігіп.
Содан соң сен жайлы тәп-тәтті түс көрем
Көз іліп.