14.05.2022
  130


Автор: Құралай Омар

Үнсіздікте үмітті ойлар бүр жарып...

Үнсіздікте үмітті ойлар бүр жарып,
Ұйытады, ұрлап түнгі ұйқымды.
Сәулесімен нұрландыратын бір жарық –
Сіз жайында қиялым бар сүйкімді.
Тыныштықтың тіліндегі тәтті күй
Тербетеді, ұшып бара жатырмын.
...Әлеміме келіңізше, ақылдым,
Сізді ғана шақырдым.





Пікір жазу