14.05.2022
107
Тық-тық соқты уақыттың жүрегi...
Тық-тық соқты уақыттың жүрегi...
Сен қасымда болмағаның жаман-ақ.
Мұң жастадым, уатып кiм жүр едi,
Көңiлiмнiң толмағанын шамалап.
Тағы ояумын. Күтумен күндер өттi.
Тартып алды жалғыздық ұйқымды да.
Көз жасымды жұтумен түндер ептi
Су бетiне салғызды сиқымды да.
Құлазыдым. Құр тық-тық миды жедi,
Жүрегiңдi тыңдасам жалықпар ем.
Шыға алмаған жыр тiптi күйдiредi.
Қайран, сезiм, сынбасаң, қалықтар ем.