14.05.2022
127
Жүрегiме әмiр бар ма, ұқпады...
Жүрегiме әмiр бар ма, ұқпады...
Жанарыма тұнды неге шық тағы?
Сағынышқа оралған сөзiм бар ед,
Көмейiмде тұрып қалды, шықпады.
Айта алмадым... Көзiм және көрмедi
Өзге жанды... Сезiм әлде сор ма едi?
Темiр де емес, жiп те емес, көрiнбейтiн,
Матап тастады тор менi...